Ауа райы
1 мин оқу 111
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Бөлісу: