Төтенше жағдай
1 мин оқу 50

Жаңа жыл түнінде 25 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның өрт сөндірушілері кешеден бері тоқсанға жуық өртті өшірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Жаңа жыл түнінде 25 адам құтқарылды

Жаңа жыл қарсаңында құтқарушылар күшейтілген режімде жұмыс істеді. Мәселен, 31 желтоқсанда республика бойынша 88 рет өрт пен тұтану оқиғасы тіркелді. Бұдан бөлек, іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.

«Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды», дейді құтқарушылар.

Ал Жаңа жылға қараған түні Каспий жағалауында жасанды пальма отқа оранды. Өрт сөндірушілер оны өшіріп үлгерді. Ал жағалауда жиналған халық құтқарушыларға қошемет көрсетті.

Төтенше жағдайлар минитрлігі азаматтарды қауіпсіздік шараларын, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ал ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа шықпаған абзал.

Бөлісу:
Жаңа жыл түнінде 25 адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар