Ауа райы
1 мин оқу 225

Үш облыста көлік қозғалысы шектеледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ауа райына байланысты үш облыста жол жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үш облыста көлік қозғалысы шектеледі

1 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Қостанай облысында: 

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін); 

Ақмола облысында: 

- «Жезқазған-Петропавл» 377-536 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін); 

Ұлытау облысында: 

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) 

2 қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Үш облыста көлік қозғалысы шектеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар