Қоғам
1 мин оқу 150

Екі облыстағы екі жол бөлігі жабылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы &laquo;Қазавтожол&raquo; мәлім қылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі облыстағы екі жол бөлігі жабылды

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты 2 учаске бойынша көлік қозғалысы шектелді.

2 қаңтар, сағат 15:00-де Абай облысында «Алматы – Усть-Каменогорск» 778-1013 км, Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бүгін сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Усть-Каменогорск» 1013-1048 км, Абай облысы шекарасы – Уланское ауылы учаскесінде көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс шектелді.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Екі облыстағы екі жол бөлігі жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар