Оқиға
1 мин оқу 130

Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді

<p style="text-align: justify;">ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесу жұмысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді

Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті, олар – жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады.

Пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және отандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефонды, ноутбуктарды тәркіледі.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бөлісу: