Құтқарушы
1 мин оқу 150

Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді

Polizia.kz-тің ақпаратына қарағанда Созақ ауданы аумағындағы Екпінді-Бірлік тас жолында жол жиегіне шығып кеткен DAF маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.

Облыс полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектескен.

Ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің кейбіріне ыстық шәй-тағам жеткізген сақшыларға азаматтар алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар