Қылмыс
1 мин оқу 101

Қазақстанның екі азаматы шетелдік лаңкестерге соғысты үгіттеумен айналысқаны үшін сотталды

<p>Бұрын терроризмді насихаттағаны үшін және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған Қазақстанның екі азаматына қатысты сот процестері аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның екі азаматы шетелдік лаңкестерге соғысты үгіттеумен айналысқаны үшін сотталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Солардың бірі – Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір – Алматы тұрғыны, жалпы қылмыстар үшін бірнеше рет соттылы болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жалпы, жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.

Бөлісу:
Қазақстанның екі азаматы шетелдік лаңкестерге соғысты үгіттеумен айналысқаны үшін сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар