Қоғам
1 мин оқу 191
Жол жабық: Төрт өңірде жолаушылар пойызбен тасымалданды
<p style="text-align: justify;">Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты шамамен 400 адам пойызбен тасымалданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теміржолының мәлімдесіне сілтеме жасап.</p>

- 3 қаңтарда Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.
Бөлісу: