Оқиға
1 мин оқу 100

Жаңа жылда пиротехникалық заттардан 63 адам зардам шекті

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық құралдардан 63 адамның зардап шеккенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа жылда пиротехникалық заттардан 63 адам зардам шекті

Зардап шеккендер арасында 20 бала бар. 

Пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде Алматы қаласында - 19, Жамбыл облысында - 11, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6, Ақтөбе облысында - 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.

Оларға көз жарақаты, көз мөлдірқабығының күйігі, қолдың күйігі мен жарақаты диагнозы қойылған. Бір пациенттің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:
Жаңа жылда пиротехникалық заттардан 63 адам зардам шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар