Аймақтар
1 мин оқу 150

Абай облысында жарыс кезінде көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен

<p style="text-align: justify;">Бүгін Абай облысында ішінде 4 адам болған автокөлік Ертіс өзеніне құлап кеткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысында жарыс кезінде көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен

Облыстық полицияның мәлімдеуінше, оқыс оқиға көлік жарысы кезінде болған. 

«5 қаңтар сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша көлік ішінде төрт адам болған», делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілген. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: