Оқиға
1 мин оқу 150

Алматыдағы жол апатынан жүргізуші көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңғы сағат 4-те Алматының Жетісу ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыдағы жол апатынан жүргізуші көз жұмды

«Daewoo автокөлігінің жүргізушісі Кудерина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, жолдың шығыс жағына шығып кетіп, кедергіге – көше жарықтандыру бағанасының бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Алматыдағы жол апатынан жүргізуші көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар