Әлем
1 мин оқу 93

БАӘ-де отау құрмақ болған жұптар генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді

<p style="text-align: justify;">Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау министрлігі некелесу алдында жұптар генетикалық тестілеуден өту керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a rel="nofollow">The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.</a></p>

БАӘ-де отау құрмақ болған жұптар генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді

Айта кетейік, бұл заң 1 қаңтардан бастап күшіне енген. Бұған дейін жұптар некелерін қидырар алдында медициналық тексерістен өтуі тиіс болған. Ал генетикалық тестілеуден өту әркімнің өз еркінде болатын.

2022 жылы Әбу-Дабиде 800-ден астам жұп қатысқан Эмират геном бағдарламасының пилоттық кезеңі басталған. Осы зерттеуге сәйкес, генетикалық үйлесімділікке 86% жағдайда қол жеткізілген. Ал генетикалық нәтижелерге негізделген 14% жағдайда қосымша медициналық көмек қажет болған.

БАӘ-де талап етілетін генетикалық тест 840-тан астам аурумен байланысты 570 генді қамтиды, бұл ерлі-зайыптыларға отбасын жоспарлау кезінде денсаулықтары туралы негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
БАӘ-де отау құрмақ болған жұптар генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар