Оқиға
1 мин оқу 80
Түркістан облысында бірнеше көлік жол жиегіне түсіп кеткен
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында патрульдік полицейлер бір тәулік ішінде ауа райы қолайсыздығынан қиын жағдайға тап болған бірнеше көлік жүргізушісіне көмектескен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы – Ташкент – Термез тас жолында жүргізуші тұман салдарынан жол жиегіне шығып, кептеліп қалған. ВАЗ автокөлігін байқаған полиция қызметкерлері көлікті жеделдетіп жолға шығаруға жәрдемдескен.
Сондай-ақтәртіп сақшылары Көксайек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ тас жолында тұрып қалған тағы бір ВАЗ жүргізушісіне де көмектесіп, оның көлігін Сайрам ауданындағы автокөлік шеберханасына апарған.
Бөлісу: