Семейде Ертіс өзеніне батқан көлік табылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Абай облысында сағат 06:00 шамасында<a href="https://egemen.kz/article/379242-abay-oblysynda-dgarys-kezinde-kolik-ertis-ozenine-qulap-ketken"> ішінде 4 адам болған автокөлік</a> Ертіс өзеніне құлап кеткенкенін хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі көліктің табылғанын мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ мамандары суға батып кеткен көлікті эхолоттың көмегімен тапқан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.
Бұған дейін көлікте болған бір адамның өз бетімен жағаға жеткені айтылды. Көлік ішінде болған тағы бір адамның денесі табылды.
ТЖМ Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.