Денсаулық
1 мин оқу 80

Аяздан бетті қалай қорғау керек

<p style="text-align: justify;">Аязды күндері бет терісіне ерекше күтім қажет. Cебебі суық ауа, жел және температураның өзгеруі теріні құрғатды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аяздан бетті қалай қорғау керек

Аязда бет күтіміне арналған тиімді кеңестер :

Суық ауаға шығар алдында теріңізді қорғайтын майлы крем қолданыңыз. Ол теріде қорғаушы қабат түзеді. Кремді далаға шығардан кем дегенде 20-30 минут бұрын жағыңыз.

Сулы кремдерден аулақ болыңыз.

Ылғалдандырғыш кремдерді пайдаланбаңыз, олар теріні мұздатып жіберуі мүмкін.

Майлы не жұмсақ тазартқыш құралдар қолданыңыз:

Қатты сабындар мен тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз, олар теріні құрғатып жібереді. Жұмсақ текстуралы крем немесе сүт тәрізді тазартқыштар жақсырақ.

Суық немесе жылы сумен жуыныңыз:

Ыстық су терінің табиғи май қабатын бұзады, сондықтан жылы немесе салқын сумен жуыныңыз.

Дұрыс тамақтану және су ішу

Көп су ішіңіз: Теріні ылғалдандыру тек сыртқы күтіммен шектелмейді, денедегі ылғал деңгейін сақтау маңызды.

Майлы қышқылдарға бай тағамдар жеңіз: Омега-3 және Е дәруменіне бай тағамдар (жаңғақтар, майлы балық, авокадо) теріні іштен қорғайды.

Бөлісу:
Аяздан бетті қалай қорғау керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар