Спорт
1 мин оқу 45

Әлем кубогі: Семсершілер «күміс» олжалады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасы шпагамен&nbsp;семсерлесуден күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлем кубогі: Семсершілер «күміс» олжалады

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңі Швейцарияның Базель қаласында өтті. Командалық жарыста ел намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин қорғады. Жартылай финалда Швеция құрамасынан басым түскен отандық шпагашылар финалда Мысыр спортшыларына есе жіберді. Сөйтіп әлемдік деңгейдегі жарыста күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде үшінші орын тұғырынан көрінген еді. Ал жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанған.

Бөлісу: