Экономика
1 мин оқу 202

Биыл кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы азаматтық&nbsp;қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға артатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Биыл кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына тиесілі жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға арттыруды тапсырған еді. 

Соған сай биыл бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің айлығы артады. 

«Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу:
Биыл кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар