Қоғам
1 мин оқу 210

Қазақстан халқының саны нақтыланды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан халқының саны нақтыланды

Бюроның мәліметінше, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда  231 478 адамға көп. Табиғи өсім 217 133 адамды, көші-қон сальдосы 14 345 адамды құраған.

Ел азаматтарының басым бөлігі қала тұрғындары – 12 629 615 адам. Ауылдық жерлерде 7 519 966 адам тұрады.

Қазақстанда үш миллионер қала бар: Алматы (2 286 328 адам), Астана (1 520 756 адам) және Шымкент (1 253 280 адам). Облыстардың ішінде миллионнан астам тұрғыны бар: Түркістан (2 154 304 адам), Алматы (1 557 932 адам), Жамбыл (1 222 411 адам) және Қарағанды (1 134 002 адам) облыстары бар.

Бөлісу: