Оқиға
1 мин оқу 84
Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды
<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.
28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті түсіндіргендей, мұндай әрекеттер үшін пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Бөлісу: