Оқиға
1 мин оқу 76

100 келі балық: Жетісуда браконьер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Аталған фактіні &laquo;Табиғатты қорғау&raquo; полициясының қызметкерлері Лепсі өзені бойында жүргізген рейд барысында анықтаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

100 келі балық: Жетісуда браконьер ұсталды

Тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланып браконьерлікпен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталып, бұзушыдан ұзындығы 100 метр және ені 5 метр 8 балық аулауға арналған тор, 16 темір тор, сондай-ақ қайық және 100 келіден астам балық табылған. 

Polisia.kz-тің ақпаратынша табиғатқа келтірілген залал алдын ала есептеулер бойынша шамамен 777 мың теңгені құрап отыр.

Табиғатты қорғау қызметтері өкілдерінің айтуынша,  браконьерлік экожүйеге елеулі зиян келтіретіндіктен, онымен айналысушыларға 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылады. 

Бөлісу:
100 келі балық: Жетісуда браконьер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар