Ауа райы
1 мин оқу 130

Ауа райы -25 градусқа дейін күрт төмендейді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ауа райы -25 градусқа дейін  күрт төмендейді

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, сейсенбі, 7 қаңтардан бастап республиканың басым бөлігінде ауа-райы ылғалдың үлкен қоры бар Оңтүстік Каспий циклонымен қалыптасады.

7 қаңтарда Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында – қар жауып, боран соғады.Оңтүстік-батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Болжам бойынша, 8 қаңтарға қараған түні батыс антициклонымен ауа температурасын күрт төмендететін суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі:

  • түнде республиканың солтүстік жартысында -15-25°С аязға дейін,
  • оңтүстігінде -5-15°С аязға дейін,
  • Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында -20-25°С аязға дейін төмендейді.
«Алайда, 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5°С аязға дейін, оңтүстік жартысында 0+5°С дейін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Сондай-ақ Қазақстанда желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Ауа райы -25 градусқа дейін күрт төмендейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар