Ертең фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">7-11 қаңтар күндері Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жаһандық додаға 13 елден 110 спортшы қатысады. Еліміздегі дүбірлі додада Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдің өкілдері сынға түседі.
Қазақстан құрамасы:
Могул/паралель могул: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.
Шаңғы акробатикасы: Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Райана Маханова, Асан Асылхан, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов, Аделина Өмірзақова.
Жарыс кестесі:
7 қаңтар – могул, 10:00-ден 15:30-ға дейін
8 қаңтар – параллель могул, 11:00-ден 14:30-ға дейін
9 қаңтар – командалық параллель могул, 11:00-ден 15:00-ге дейін
10 қаңтар – шаңғы акробатикасы, 11:00-ден 13:30-ға дейін
11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы, 12:00-ден 13:30-ға дейін
Жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионаты 1986 жылдан бері Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өткізіліп келеді. Алматы қаласы бұған дейін 2021 жылы фристайлдан Әлем кубогі кезеңдерін өткізген.