Аймақтар
1 мин оқу 90

Жаңа әкімді таныстырды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды.</p>

Жаңа әкімді таныстырды

Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсы­нылды. Сайлау комиссиясы ашық да­уыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілді. Мәслихаттар депутаттары жина­лысының қорытындысына сәйкес, Прези­денттің тиісті Жарлығымен Нұрал­хан Оралбайұлы Көшеров Түркіс­тан облысының әкімі болып тағайындалды.

Облыс активімен кездесуде Премьер-министр Олжас Бектенов Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Премьер-министр өңір активіне жаңа әкімді таныстыра келе, Мемлекет басшысының облыс басшылығы алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұх­батында айтылған экономиканы нығай­ту және халықтың тұрмыс сапасын жақ­сарту мақсаты аясында, басым бағыт­тар қатарында экономиканы әр­тарап­тандыру және өнімді жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кластерлік өндіріске көшу, «Turan» АЭА мен өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті ашу және агроөнеркәсіп кешенін дамуын арттыру мәселелері айтылды.

Халықты қолжетімді әрі сапалы ауызсумен және азық-түлік өнімдері­нің тұрақты бағасын қамтамасыз ету, ин­женер­­лік инфрақұрылымды жаң­ғырту бо­йынша бірқатар міндет қо­йыл­ды. Обл­ыс орталығы Түркістан­ның тари­хи әрі рухани маңыздылығын ес­ке­ре отырып, мәдени мұраны сақтау­ға және түркі әлемінің бауырлас ха­лық­­тары арасындағы байланысты нығай­туға, сондай-ақ туризм саласын дамы­туға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Бөлісу:
Жаңа әкімді таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар