Кино
2 мин оқу 120

Ұлттық кино қоржыны

<p style="text-align: justify;">Былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 17 жобаның өндірісі аяқталған еді. Атап айтсақ, &laquo;Қайрат&raquo;, &laquo;Игроманка&raquo;, &laquo;Капитан Байтасов&raquo;, &laquo;Qaitadan&raquo;, &laquo;Фейковый арман&raquo;, &laquo;Мангистау &ndash; край океана Тетис&raquo;, &laquo;Күн ұясына батқанда&raquo;, &laquo;Үміт әрдайым жанымызда&raquo;, &laquo;Шырмауық&raquo;, &laquo;Осенний бриз&raquo;, &laquo;Граждане крыши&raquo;, &laquo;Құт&raquo;, &laquo;Мы здесь живем&raquo;, &laquo;Победителей видно на старте&raquo;, &laquo;Здравствуй, добрый человек&raquo;, &laquo;Соңғы парыз&raquo; фильмдері бар. Ал &laquo;Алан туралы аңыз&raquo; ауқымды анимациялық жоба болғандықтан осы жылы аяқталмақ.</p>

Ұлттық кино қоржыны

Сондай-ақ биыл питчингтен өткен 17 жобаның тү­сірілім жұмысы басталады. Олардың қатарында әлеуметтік маңызы жоғары, кең ауқымды кө­рермен аудиториясына арналған фильм­дер, оқиғалы, бірлесіп шыға­ры­латын, анимациялық, деректі және дебюттік фильмдер де бар.

Мәселен, «Кенжем қайда?» көркем туындысында кенже баланың тағды­ры баяндалып, отбасы құндылығы сурет­теледі. Аталған фильм балала­рын жалғыз өзі асырап отырған Гүл­наз­дың тағдырын қозғайды. Кино­кар­тинаның продюсері – Анар Жүнісова, Анна Чакиртова. Режиссері – Диас Құлмақов.

Түсірілім жұмысы осы жылға жос­парланған тағы бір туынды – «Ақ­желең». Махаббатқа адалдық, қазақ әйе­лінің қайраткерлігі, бауырмалдық, ана­ға деген сүйіспеншілік суреттелетін фильм нәзік бір иірімге толы болмақ. Продюсері – Бағашар Арықбаев, режиссері – Бекзат Смадияров.

Қазақ киносы тарихындағы орманшылар туралы тұңғыш жеке кинокар­тина да биыл түсіріледі. Режиссер Рашид Сүлейменовтің «38» фильмі қарапайым еңбек адамының ерлігін ашып көрсетуді мақсат етіп отыр. Сондай-ақ детектив жанрындағы «Бүр­кітші» фильмінде ауылдағы жұм­бақ жағдайдың сыры ашылады. Шы­тырман оқиғаға негізделген кинокартинаның продюсері – Мәди­на Дүйсембаева, режиссері – Қуа­ныш Стаханов.

Мюзикл жанрындағы «Ар мен сезім» картинасы да биыл түсірілмек. Туын­ды көрерменді ар-намыс қасие­тін жоғары қоюға, адалдыққа, адам­гершілікке үндейді. Жастардың бо­йына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат етіп, ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттайды. Қазақтың атбегілік өнерін жаңғырту, ұлттық музыкасын жаңа қырынан көрсетуге негізделген фильм болмақ. Продюсері – Бақытжан Құлжабаев, режиссері – Батырхан Дәуренбеков.

Осы жылға жоспарланған дебюттік фильмдер де киноөндіріс саласына өз даусымен, өз қолтаңбасымен келмек. Әмір Әменовтің «Сағын­дым сені», Аяна Нұрдинованың «Мұға­лім» көркем картиналары адамгер­шілік, ізгілік, ұстазға құрмет сын­ды адам­заттық мұраттарды тақырып етеді.

Сондай-ақ швейцариялық сая­хатшы, жазушы Элла Майярдың Түр­кістан даласына сапары суреттелетін Қанат Төребайдың «Туркестан-Соло» деректі фильмінің түсірілім жұмысы да өз кезегін күтіп тұр.

Балалар аудиториясына арналған контентке де ерекше мән беріліп отыр. Жанат Жайлыбайдың «Адамзатқа іздеу саламын» анимациялық фильмі жа­санды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсетпек. Туынды кішкентай көрер­менге адамдар арасындағы жылы қа­рым-қатынасты, табиғатқа іңкәр­лік­ті көрсеткісі келеді. Ал Әміржан Қазиев­тің «Жібек» анимациялық фильмінде Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыс баяндалады.

Сондай-ақ дебюттік фильмдер қата­рында Татьяна Шишкинаның «Батыл бол» анимациясы да түсіріл­мек. Бұл фильмде тіл мәселесі қауза­лып, еліміздегі береке-бірлік сынды ұлттық ұғымдар көтеріледі.

Иә, бұл түсірілім жұмысы биыл өтетін туындылардың бір бөлігі ғана. Экранға шығатын басқа да жаңа ­фильмдер қоғамды толғандырған та­қы­­рыптарды қамтиды. 

Бөлісу:
Ұлттық кино қоржыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар