Оқиға
1 мин оқу 60

Алматыда дәмхана шатыры отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматыда екі қабатты дәмхананың шатыры отқа оранды. Өрт сөндірушілер өртті дер кезінде оқшаулап үлгерді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда дәмхана шатыры отқа оранды

Анықталғандай, өрт Бостандық ауданы Сәтбаев көшесіндегі дәмханалардың бірінде болған.

«Жедел келген өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермей, өртті алдын ала 20 ш.м. алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Ғимаратта келушілер болмаған, ал қызметкерлер алдын ала эвакуацияланған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 
Бөлісу:
Алматыда дәмхана шатыры отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар