Әлем
1 мин оқу 80

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын халыққа хот-дог жеуге тыйым салды. Ол хот-догты &laquo;батыстық&raquo; тағам деп атап, осындай тыйым енгізуді жөн санаған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

The Sun басылымының мәліметінше, хот-дог сатқандар немесе шұжықтан жасалған америкалық тағамды үйде дайындағандар еңбек лагерьлеріне жіберілуі мүмкін. Солтүстік Кореяда корей және америкалық асханалардың үйлесімінен әзірленетін Будаэ-чигэ сорпасын әзірлеп, сатуға да шектеу қойылып отыр.

Ким Чен Ын осы қадамы арқылы капиталист мәдениеттің енуін тоқтатуды көздейді. 

Сондай-ақ Солтүстік Корея президенті ажырасқандарды да еңбек лагерьлеріне жіберуді бұйырған. Жаңа «репрессияларға» сәйкес ажырасу «антисоциалистік» әрекет ретінде бағаланады. Ал ерлі-зайыптылар алты айға дейін жазасын өтеуі мүмкін.

Бөлісу:
Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар