Қоғам
2 мин оқу 371

Үйде дүниеге келген егіз

<p style="text-align: justify;">2024 жылы атыраулық фельдшерлер 49 жүкті ананың өз шаңырағында босануына қолұшын созды. Сондай оқиғаның бірі жақында тағы қайталанды.</p>

Үйде дүниеге келген егіз

Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманованың мәліметінше, диспетчерлер пультіне жүкті әйелден шақырту түсіпті. Соған байланысты №9 бригаданың фельдшерлері Эльвира Каримова мен Қанат Жексенбаев шақырту беріл­ген мекенжайға жеткенде, жүкті әйелдің толғағы бас­талған. Фельдшерлер жүкті ана­ны үйінде босандырып, егіздің кіндігін кесті. Содан соң облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Фельдшер Эльвира Кари­мова жедел жәрдем стансасында 11 жылдан бері жұмыс істейді. Ал жас фельдшер Қанат Жексембаевтың бұл саладағы жұмысын бастағанына бір жылдан асыпты.

«Біз шақыртумен науқас­тардың мекенжайына жиі барамыз. Бірнеше жүкті ананың үйінде босануына көмек бердік. Алайда егіздің үйде өмірге келуі ал­ғаш рет тіркеліп отыр. Мұндай жағ­дайда қобалжу болады ғой. Деген­мен жүкті ананың егіз қызды аман-есен босануына атсалыстық. Бірін­­шісінің кіндігін кесіп болған сәтте, екіншісі де өмірге келді. Бұл – 2024 жылдың ұмыт­ыл­май­тын ерекше оқиғасы», дейді Э.Кари­мова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 42 жастағы әйел егізді жүктіліктің 37-аптасында өмірге әкелген. Егіз қыздың салмағы бірдей емес. Бірінің салмағы – 2061, екін­шісінің салмағы 2272 грамм. Бі-р­а­қ екеуінің бойы бірдей – 47 см.

«Егіздің анасы бұған дейін 5 баланы босанған. Енді оның отбасы тағы 2 сәбимен толығып отыр. Қазір егіз сәбидің де, ана­сының да жағдайы жақсы, олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Әзірге дәрігерлердің жіті бақылауында болады», деп мәлімдеді басқарманың бас­пасөз қызметінен.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Үйде дүниеге келген егіз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар