Хоккей
1 мин оқу 70

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық &laquo;Барыс&raquo; командасы бүгін, яғни 9 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде &laquo;Лада&raquo; (Тольятти) командасына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:50-дe басталып, &laquo;Qazsport&raquo; телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі

Екі команда бұған дейін 20 мәрте кездескен. Оның 7-еуi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 24 ұпаймен 22-орында тұрса, «Лада» 37 ұпаймен 20-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 11 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар