Көлігін ұзақ қыздырған жүргізушілер айыппұл арқалайды
<p style="text-align: justify;">Елімізде көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Сенатор Марат Қожаев мұндай айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Депутаттың сөзінше, бұл талап экологиялық нормалдарды сақтауды көздейді.
«Бізде ауа қатты ластанған, бұл жағдай ірі қалаларда ерекше байқалып отыр. Жүргізушілерді осы бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлел - бейнежазба керек. Сондай-ақ нақты уақытын да тіркеу қажет. Егер осындай дәлелдер болса көрсетілген жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай нормалар дамыған елдерде де бар», деді Марат Қожаев.
Егер жүргізуші аталған норманы алғаш рет бұзса 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды, екінші рет қайталанса 10 АЕК айыппұл төлейді.