Төтенше жағдай
1 мин оқу 90
Анталияға бет алған ұшақ жедел түрде Ақтауға қонды
<p style="text-align: justify;">Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana компаниясының ұшағы жедел түрде Ақтауға қонған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

8 қаңтарда Алматы-Анталия бағыты бойынша КС915 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып, сағат 12:36-да Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды.
Бұған отын жүйесінің қауіпсіздік клапанының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған. Рейс Алматыдан қосалқы бөлшек жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарға сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылып жатыр. Анталиядағы жолаушыларға қатысты да осындай шаралар қабылданып жатыр.
Бөлісу: