Оқиға
1 мин оқу 80

Атырауда 45 жастағы келіншек 8-қабаттан құлап кеткен

<p style="text-align: justify;">Бүгін Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Атырауда 45 жастағы келіншек 8-қабаттан құлап кеткен

Полицейлер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

«9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Алмагүл» шағын ауданында 1979 жылы туған әйел көпқабатты үйлердің бірінің сегізінші қабатынан құлап кеткен. Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Атырауда 45 жастағы келіншек 8-қабаттан құлап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар