Аймақтар
1 мин оқу 51
Петропавлда дүкен өртеніп, 68 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласы Конституция көшесіндегі азық-түлік дүкені өртеніп, 68 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Эвакуцияланғандар жылыту пункттеріне орналастырылған. Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб жұмыс істеген.
Өртті оқшаулауға 70 адамға жуық жеке құрам мен 18 техника жұмылдырылған.
200 шаршы метр аумақты шарпыған өрттен кейін 5 тұрғынға, оның ішінде 2 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілген.

Құтқарушылар өрт орнындағы қою түтін мен қатты заттардың көп болуы оны сөндіру жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіргенін атап өтті.

Бөлісу: