Медицина
1 мин оқу 94

Науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

<p style="text-align: justify;">Антикор Абай облысының денсаулық сақтау саласын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру барысында&nbsp;&laquo;СК-Фармация&raquo; ЖШС&nbsp;медициналық препараттарды уақытылы жеткізбейтінін анықтады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Мұндай жағдай тегін дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып, пациенттерді өз қаражатын жұмсауға итермелейді. Ал медициналық мекемелер нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазып отырған. Құжаттарға сәйкес науқастар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмегені белгілі болған. 

«Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл - дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп жатыр», делінген Антикор хабарламасында.

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру пилоттық жобасының қорытындысы оң әсер байқатса, жүйені ел көлемінде енгізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар