Теннис
1 мин оқу 33
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан ірі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, отандасымыз ресейлік теннисші Диана Шнайдерді қапы қалдырған.
7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4 есебімен жеңіс Юлия Путинцеваның атына тіркелген.
Енді ол финал жолдамасын америкалық Джессика Пегулаға қарсы сында сарапқа салады.
Бөлісу: