Кино
1 мин оқу 50

Алғашқы жеңіс

<p style="text-align: justify;">Режиссер Гүлшат Сма&shy;ғұлованың &laquo;Ша&shy;тырдағы екеу&raquo; фильмі Калькутта қаласында (Үндістан) өткен &laquo;Алтын арыстан&raquo; (GLIFF) халықаралық ки&shy;но&shy;фестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Туынды &laquo;үздік толықметрлі фильм&raquo; деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинация&shy;сында жеңіске жетті.</p>

Алғашқы жеңіс

Айта кетейік, режис­сердің алғашқы фильмі­нің шығарма­шы­лық құрамы да дебютанттардан тұрады. Атап айтсақ, продюсер – Әлия Шәріпбаева, сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы-суретші Елена Айтова, актриса Лидия Ярцева.

Бұдан бөлек кинотуынды былтыр Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді кон­кур­сының ширек финалына шыққан еді.

Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. «Шатыр­дағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы Дамир мен аутизмге шалдыққан Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Маржан Қуатқызы

Бөлісу:
Алғашқы жеңіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар