Аймақтар
1 мин оқу 90
Қостанайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
<p>Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.</p>

Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.
Бөлісу: