Әлем
1 мин оқу 70

Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны артты

<p style="text-align: justify;">Калифорнияның оңтүстігін шарпыған орман өрті салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тауып, оннан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ABC News арнасына сілтеме жасап.</p>

Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны артты

Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 16 адам Итон Каньонындағы өрттен, ал 8 адам Палисадес өртінен қайтыс болды.

Қаза тапқандар санының артуы күтіледі.

Өрт сөндірушілер жалынның жойқын зардаптарын ауыздықтау үшін күресіп жатыр. Лос-Анджелес округінің халқы тығыз орналасқан ауданына мыңдаған құтқарушы жұмылдырылған. Палисадтардағы  мыңдаған ғимараттарды қиратқан ең үлкен өрт небәрі 11 пайызға,  ал Итон каньонындағы өрт 27 пайызға ауыздықталды.

Бөлісу: