Алдағы күндері ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 14, 15 және 16 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады, бұл тұрақсыз ауа райы жағдайына әкеледі, бұрқасынмен бірге қар күтіледі, республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы сақталады.
«Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 жылы болады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ кей өңірде жел күшейіп, тұман түседі.