Оқиға
1 мин оқу 40
Ақтаудағы өрттен 8 бала құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласының «А» ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйдің бірінде өрт болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте 3-ші қабаттағы кіреберіс ашық жалынмен жанып жатқан, ал жалын пәтерге ауысқан.
«ТЖМ қызметкерлері автосатымен 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады», делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: