Есірткі
1 мин оқу 41

Оралда есірткі сатқан күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласының полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген&nbsp;Қостанай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Оралда есірткі сатқан күдікті ұсталды

Полицейлер Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 37 «зип-пакет» тәркіленді.

Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Оралда есірткі сатқан күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар