Экспорт
1 мин оқу 50

Иран мен Әзербайжанға астық экпорты өседі

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халықаралық астық нарығындағы&nbsp; позициясын нығайтуды жалғастырып жатыр. ҚТЖ деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Иран мен Әзербайжанға астық экпорты өседі

Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.

Иран мен Әзербайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзербайжанға - 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті.

2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50%-ға артық. Экспорт көлемі 57%-ға өсіп, 3,9 млн тоннаны құрады.

Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға - 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға - 190 мың тонна (51%), Қытайға - 592 мың тонна (2%) экспортталды.

Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзербайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында жеткізілім болған жоқ).

Бөлісу:
Иран мен Әзербайжанға астық экпорты өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар