Бельгияда жалпыұлттық ереуіл болып жатыр
<p style="text-align: justify;">Бельгияда түрлі сала өкілі қатысқан жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Брюссель мен Валлонияда пойыз қатынасы, пошта байланысы және орта білім беру мекемелерінің жұмысы тоқтатылды. Ереуіл сондай-ақ әуе компаниялардың кестелеріне, коммуналдық қызметкерлерге және жергілікті түрмелерге әсер етті.
ABVV-FGTB социалистік кәсіподақтар федерациясының президенті Тьерри Бодсонның бельгиялық БАҚ-қа хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Брюссель көшелеріне 30 мыңнан астам демонстрант шықты.
Шерудің бастапқы нүктесі Орталық теміржол вокзалы болды. Колоннаны Льеж, Брюссель қалалары мен Фландрияның бір бөлігінен келген 100-ге жуық өрт сөндіруші басқарды, одан кейін француз және нидерланд тілдерін білетін кәсіподақ өкілдері жүрді. Фламанд мұғалімдері шеруге қатысушылардың ең көп бөлігін құрады.