Спорт
1 мин оқу 53

Қазақстан семсершілері Тунистегі турнирден жүлдесіз қайтты

<p style="text-align: justify;">Семсерлесуден Тунисте өтіп жатқан Гран-при сериясының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде жүлдегерлер қатарына ене алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстан семсершілері Тунистегі турнирден жүлдесіз қайтты

Ерлер арасында ең жақсы нәтижені Жанат Набиев көрсетті, ол 51-орынға тұрақтады. Артем Саркисян 59-орын, Назарбай Саттархан 97-орын, Бақдәулет Құралбекұлы 101-орын, ал Қуаныш Ерғашбай 102-орынды місе тұтты.

Әйелдер жарысында Анастасия Гулик 62-орынға ие болды. Татьяна Приходько 71-орын, Карина Доспай 97-орын, Жасмин Қапыджы 99-орын, Полина Ко 106-орын, ал София Спичева 129-орынға тұрақтады.

Бөлісу:
Қазақстан семсершілері Тунистегі турнирден жүлдесіз қайтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар