Экономика
1 мин оқу 74

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрлігі шетелдік онлайн-дүкендердің қызметін қайта қарау бастамасын көтерді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі

Ведомство басшысы Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформа енгізуді ұсынды. Бұдан басқа, маркетплейстер үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып отыр. 

Мұндай шараларды қабылдауға шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдары көбейіп кеткені себеп болған.

Бөлісу:
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар