Ақтөбеде белгісіз біреу үш адамды кепілге алған

Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, үй тұрғындарын кепілге алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбі күні кешкілік сағат 20.00-де жедел басқару орталығына үш адамның өз үйінде кепілге алынғаны туралы хабар түскен.
Полиция қызметкерлері кепілге алынғандарды босату туралы үш сағат бойы келіссөз жүргізгенімен, еш нәтиже бермеген. Кепілге алынғандарды босату кезінде күдікті қолға түсіп, 40 жастағы әйел босатылды. Шабуыл кезінде сол үйдің жертөлесінен 67 жастағы әйел адам мен 75 жастағы ер адам ауыр халде табылған. Ол екеуі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды.
Қазір күдіктінің қылмысқа не үшін барғаны анықталып жатыр. Кепілге алынған 40 жастағы әйел қазір көпбейінді облыстық ауруханада жатыр. Оның басында бірнеше ашық пышақ жарақаты бар. Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлады.