Аймақтар
1 мин оқу 60

Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

<p style="text-align: justify;"><span style="font-family: arial, helvetica, sans-serif; font-size: large;">Аталған қалада бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span>&nbsp;</p>

Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күні – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.

Жастар, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қала тұрғындары Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, ерлігін еске алып, тағзым етті.

gov.kz

Ақтөбе облысы әкімдігінен мәлім болғандай, жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Аталған шара ел жастарының бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталатыны анық.

gov.kz

Бөлісу:
Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар