Президент
1 мин оқу 70

Президент Джорджа Мелониді Қазақстанға шақырды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы &laquo;Абу Дабидің орнықты даму апталығы&raquo; алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Президент Джорджа Мелониді Қазақстанға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:
Президент Джорджа Мелониді Қазақстанға шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар