Технология
2 мин оқу 60

Цифрлық даму белесі

<p style="text-align: justify;">Осы күні цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молайып, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Сондықтан бұл заманды &laquo;Digital дәуірі&raquo; десек еш қателеспейміз. Алдағы уақытта да цифрлық даму қарқын алып, осы бағыттағы жұмыстар Үкіметтің басты назарында болмақ.</p>

Цифрлық даму белесі

Қазіргі таңда цифр­лан­дырудың ең жарқын мысалы – цифрлық құ­жат­тар бүгінде толыққанды физика­лық құжаттарға теңес­тірілді. Азаматтар ел ішінде ұшақтар­да, пойыздарда тек цифрлық құжаттардың негі­зінде еркін жүре алады. Был­тыр бұл қыз­мет 200 млн-нан астам рет көр­сетілген. Тағы бір жетістік – онлайн нотариус.

«Дегенмен, кейбір азама­тар қызметті қолдануда ыңғай­сыз­дыққа тап болатынын бай­қадық. Олар қосымшадан із­деу, сілтемені көру сияқты мін­­деттерді қиынсынады. Олар­ға әлі де халыққа қызмет көр­сету орталығына барған жеңілдеу. Сондықтан бұл жерде жасанды интеллектіні енгізу қажет деп санаймыз. Жасанды зердені биз­нес салаларына енгізу де еліміздің экономикалық көрсеткіштері­не елеулі әсер етеді. Экономика тиімдірек болады, еңбек өнім­ділігі артып, білім саласы дамиды. Енді біз жасанды интеллект негізінде виртуалды көмекшілерді енгізу бойынша жұмыстарды бастадық», деген еді Үкімет отырысында Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Бұл міндеттердің барлығы Жасанды интеллектіні дамы­тудың 2029 жылға дейінгі тұ­жы­рымдамасы мен Жасанды ин­теллект туралы жаңа заң аясында жалғасады. Аталған тұ­жы­­рымдамада бірнеше ма­ңыз­ды бағыт бар. Біріншісі – супер­­компьютерлік инфра­­құрылымды дайындау, екін­шісі – заңнамалық актілерді шығару, үшіншісі – адами капиталды дамыту. Биыл осы үш бағыт басты назарда болмақ.

Жыл сайын еліміздегі стар­таптардың саны мен сапасы артып келеді, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. «Astana Hub» технопаркі осы жылы да «Silkway Accelerator» және «AI’preneurs» секілді табысты бағдарламалар легін жал­ғап, стартап негізін қалау­шы­ларға қолдау көрсетеді. Былтыр құрылған «Astana Hub Ventures» қоры биыл жергілікті стартаптарды қолдауда маңызды құралға айналмақ. Айта кетейік, 10 миллион доллар көлемінде бағаланатын бұл қор «Astana Hub» бағдарламасының түлек­теріне инвестиция салуға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінде «Astana Hub» технопаркі 1 500-ден астам қатысушы­ны бір арнада тоғыстырады. Олардың қата­рында жасан­ды интеллект саласында жұмыс істейтін 150 стартап бар. Жаңа «Alem AI» орталығы еліміз­дің ЖИ саласындағы өңірлік көшбасшы рөлін нығайтып, инновациялар, зерттеулер мен жаһандық ынтымақтастық үшін ауқымды платформа ұсынады. 

Бөлісу:
Цифрлық даму белесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар