Қоғам
1 мин оқу 54

Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды

<p style="text-align: justify;">Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы мен қасиетті Ережеп айының құрметіне орай &laquo;Тайқазан&raquo; қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ар-Рахман» мешітінде өткен игі шарада аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған, ерекше балаларды өсіріп отырған 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Әли Мырзақұлов, қордың Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Қабланұлы, «Ар-Рахман» мешітінің имамы Жандос Сейдахметұлы қатысты.

Акция аясында мұқтаж жандар алғысын айтып, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Ар Рахман» мешітінің жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар