Мереке
1 мин оқу 61

Мемлекеттік кеңесші қос басылымды 105 жылдығымен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі бас басылымдар &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo;,&nbsp;&laquo;Казахстанская правда&raquo; газеттері 105 жылдан бері оқырман қолына жетіп келеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік кеңесші қос басылымды 105 жылдығымен құттықтады

2024 жылдың желтоқсан айында ел газеті «Egemen Qazaqstan» мерейлі датаны «Егеменнің елдік жолы» форумы аясында атап өтті. 

Ал бүгін «Казахстанская правда» «Үлкен жолдың кезеңдері» ғылыми-тәжірибелік конференциясында басылым тарихына тоқталды. 

Ғасырдан аса жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан қос басылымды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтады. 

Мемлекеттік кеңесші ұлт баспасөзінің ұстыны саналатын басылымдардың қазақ журналистикасының темірқазығына айналғанын атап өтті. 

«Бүгінде іргелі ұжымдар халық мүддесіне, ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік саясаттың мән-маңызын түсіндіруге белсене атсалысып, тың бастамалар мен жаңа реформаларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді», деген Ерлан Қарин басылым қызметкерлерінің алдағы уақытта да еліміздің өркендеу жолында қажырлы еңбек ете беретініне сенім білдірді. 

Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші қос басылымды 105 жылдығымен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар